Цой вакцина алғандардың ішінде қанша адамның індетке шалдыққанын айтты

5 Мамыр 2021, 16:48
1711
Бөлісу:
Цой вакцина алғандардың ішінде қанша адамның індетке шалдыққанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.

Ақпанда вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда қазақстандықтарды вакцинациялауға 2,3 млн доза ұсынылды. Біз вакцинациялау бойынша қарқынды күшейтіп жатырмыз. Сәуірде тәулігіне 11 мыңнан 135 мыңға дейін жеткізілді. Бұл тәулігіне 12 есе өсті. Азаматтардың таңдауына ерік берілді. Олар қазақстандық, ресейлік және «Hayat Vac» вакциналарынан таңдау жасай алады, - деді Цой.

Министр атағандай, бүгінгі 15:00 жағдай бойынша 1 млн 507 мың адам 1-компонентті алған.

420 мыңнан астам адам 2-ші компонентті алды. Елдің барлық медициналық пункті мұздатқыштарды сатып алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Логистикалық жүйе орнатылды. Мобильдік бригадалар оқытылды. 11 мың медицина қызметкері вакцинацияны жүзеге асырып жатыр. 1400 пункт ел бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 400-ге жуығы көшпелі пункт бар. Жалпы вакцинация үрдісі белсенді жүріп жатыр. Азаматтар вакциналарға сеніп жатыр. 1,5 млн вакцина алғандардың ішінде 0,02 пайызы ғана ауруға шалдықты. Бұл вакцинаның тиімділігін білдіреді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы