Дөрекі сөйлеп, дауға қалған бас санитарлық дәрігер халықтан кешірім сұрады – Алматы облысы

14 Тамыз 2020, 00:41
3191
Бөлісу:
Дөрекі сөйлеп, дауға қалған бас санитарлық дәрігер халықтан кешірім сұрады – Алматы облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына жаңадан тағайындала салысымен басы дауға қалған бас санитарлық дәрігер халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ерғали Сыдыманов жақында ғана Маңғыстаудан Алматыға ауысып келген "Үздік мемлекеттік қызметші" еді. Алайда бас санитар кәсіпкерлермен кездесуінде жұртқа "басымды қатырмаңдар" деп дөрекі жауап берген. 

Ол жерде шын мәнісінде қарапайым тілмен түсіндіргім келді. Соны басқа жағынан бұрмалап жіберген екен. Егер шын мәнісінде сырттай солай көрініп тұрған болатын болса, мен халқымнан, елімнен кешірім сұраймын. Мойнымен айтқан, істегенді мойныңмен көтеру керек. Бірақ бұл жерде шын мәнісінде балағаттайтындай, біреудің ар-намысына тиетіндей әңгіме болған жоқ, - деді Ерғали Сыдыманов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитарына қатысты қызметтік тергеу басталатын хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы