Дәрі-дәрмектерді үйінде жасырған фармацевт ұсталды

11 Шілде 2020, 20:35
2029
Бөлісу:
Дәрі-дәрмектерді үйінде жасырған фармацевт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмектің үлкен партиясын үйінде жасырған.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметнше, алты дәріхана дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан, ал кейбіреулері дәрігерді нұсқаусыз берген.
Тексеріс мақсатындағы сатып алу барысында фармацевт "Трамадол" препаратын жоғары бағамен сатқаны анықталды. Айта кету керек, ол дәрігердің рецепті бойынша ғана беріледі. Сонымен қатар, фармацевт дәрі-дәрмектердің ірі бөлігін үйінде сақтаған, - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

44 жастағы әйелдің тұрғылықты жерін тексеру барысында 2 500-ге жуық "Трамадол" пластинасы мен "Тропикамид" дәрілік препаратының 190 құтысы тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы