Дәруменді нормадан асыра пайдалануға болмайды – дәрігер

6 Шілде 2020, 12:09
1511
Бөлісу:
Дәруменді нормадан асыра пайдалануға болмайды – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында иммунитетті көтеру үшін қандай дәрумендер қабылдауға болатынын айтты.

D, C дәрумендері – жалпы иммунитеттің нығаюына, зат алмасу процесінің реттеліп отыруына көмектесетін бірден-бір дәрумендер. Ал нақты коронавирус инфекциясы кезінде тікелей әсері бар деген дәлел жоқ. Халық арасында иммунитетті көтеру мақсатында дәруменді шекті мөлшерінен артық қабылдау керек деген түсінік болмауы қажет. Себебі, әр дәрумен әрбір адамның жасына, салмағына қарай жекелей тағайындалады. Сондықтан, дәруменді нормадан асыра пайдалануға болмайды, - деді дәрігер.

Баян Тұрдалина брифинг барысында адам коронавируспен ауырып қалған жағдайда спортпен интенсивті түрде айналыса ала ма деген сауалға жауап бере отырып, ағзаға артық физикалық жүктеме түсіруге болмайтынын айтты.

Сау иммунитет кез келген инфекциялық процестің жеңіл өтуіне немесе симптомсыз түрде өтуіне әсер етуі мүмкін. Алайда, ағзаға интенсивті түрде физикалық жүктеме түсіру дұрыс емес деп ойлаймын. Дене шынықтырумен айналысу қажет, бірақ шектен шықпай. Ал егер адам инфекциялық процестің жедел кезеңінде болса, онда дәрігерлер спортпен айналысуға кеңес бермейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы