Дүйсенбі, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

6 Сәуір 2020, 08:08
1314
Бөлісу:
Дүйсенбі, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +3+5 °С, күндіз +10+12°С.

Алматы қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай жарқылдауы ықтимал. Жел 0-5, найзағай кезінде 8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11 °С, күндіз +19+21°С.



Өзгелердің жаңалығы