Бас жаңалықтар
Дабыл! Қорғалжынға қоңыз қаптап кетті
23 Мамыр 2020, 22:14 400

Дабыл! Қорғалжынға қоңыз қаптап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғалжын ауданының Жантеке, Қорғалжын, Буревестник сияқты бірқатар елді-мекендерінде Колорадо қоңыздары табиғатқа орасан зор зиян тигізуде. 

Зиянкес жәндіктердің табиғатқа келтірер кесапаты мен күні жерге қараған ауыл тұрғындары мен шаруашылықтарына тигізер зардабын дәл болжау қиын. Дегенмен бұл қоңыздың жүрген жерінде береке болмайтынын ескерсек, диқандардың биылғы егісі зая кетуі мүмкін. Бұл қоңыздың табиғи жауы да (құс, жорғалағыш, жәндіктер т.б.) көп емес, тіпті біздің елдің фаунасында кездеспеуі де мүмкін. Сондықтан бұлармен аграномдар ғана күресе алады. ҚР АШМ жағдайдан хабардар әрі тиісті шараларды шұғыл әрі кешенді түрде жүргізіп жатыр деп сенеміз - дейді жергілікті тұрғындар.

Колорадо қоңызы – қатты қанаттылар сабының жапырақ жегілер тұқымдасына жататын қоңыз; картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Колорадо қоңызы 1859 жылы Колорадо штатының (Солтстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған.

Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т.б-дың жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін). Жұмыртқаларын жапырақ астына 18 – 20-дан 2500-ге дейін салады. Дернәсілдері 16 – 24 күнде жетіледі. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.


Фото: дереккөз
Загрузка...