Бас жаңалықтар
Дағдарыстың әрқайсысы жаһандық трендтерді жылдамдатады - Келімбетов
23 Сәуiр 2021, 16:29 127

Дағдарыстың әрқайсысы жаһандық трендтерді жылдамдатады - Келімбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономикалық қайта құру» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

Ағымдағы пандемиялық дағдарыс және одан шығудың ұзаққа созылып кеткені тұтас жаһан елдері үшін орасан сынақ болды. Бүгінде экономистер үшін де қазіргі мерзімді пандемияға дейін немесе пандемиядан кейін деп өлшеу түрі қалыптасты. 90-жылдардың соңындағы Азиялық дағдарыс, 2000 жылдың басындағы доткомдар дағдарысы, 2008 жылы болған қаржылық дағдарыс естеріңізде болар. Қазір басымыздан коронадағдарысты кешіріп жатырмыз. Осы дағдарыстардың әрқайсысы жаһандық трендтерді жылдамдатып, жаңа нарық қалыстастырды, даму мүмкіндіктерін тудырды. Соңғы 10 жылда халықаралық сарапшылар түрлі трендтерді айтып келеді. Солардың ішідегі дәл біздің экономика үшін маңыздысы - бұл жаһандықтың төмендеуі мен аймақтандырудың артуы. Яғни аймақтық интеграция және аймақтың одақтардың құрылуы, - деді ол.

Келімбетов отандық экономика үшін маңызды трендтердің тағы бірі - технологияның дамуы, цифравизация және бизнес-процестердің автоматтандырылуы екенін атап өтті. Мұның бәрін төртінші өндірістік революцияның нәтижесі деуге болады.

Үшінші тренд - жаңа энергетиканың құрылуы, төртінші - инвесторларды ауыстыруға деген ниет, жаңа инвесторлар өзгеше өнімді құп көріп, әлеуметтік инвестициялар үшін құн төлеуге әзір. Тағы бір маңызды мәселе - жаңа ұрпақ үшін қоршаған орта, әлеуметтік әділдік және корпоративті басқару алдыңғы орынға шықты. Бұл трендтер 2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыстан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан бұларға алғашқы жауап бүгінгі мемлекеттік стратегиялық құжаттарда бейнеленген. Бұған сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының жарты бөлігі жауап береді. Нақтырақ айтқанда, «Бес институционалдық реформа» және «100 нақты қадам» ұлт жоспары. Оларда постковидтік даму жолында маңызды құралға айналатын маңызды процестер айқындалған, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...