Бас жаңалықтар
Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекті қараған емшінің не дегенін айтты
18 Мамыр 2020, 20:05 91255

Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекті қараған емшінің не дегенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт 18 мамырда дүниеден өткен бұрынғы әріптесі Бейсен Құранбекке көңіл айтты.

Қимас досым, жанашыр әріптесім, журналистика, оның ішінде телевизия журналистикасында құбылыс болған саңлақ - Бейсен Құранбектен айрылып қалдық, ағайын! Бейсенді қараған емшілердің бірі, "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың,қарағым-ау!" деген екен...Нардың жүгін арқалап жүріп, айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың, Бейсеке, - деп жазды Дана Нұржігіт.
Ол Бейсен Құранбектің жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Соңғы деміне дейін қасында болып, кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға, әкесінің қос шынары-қыздарына, 90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз! Бақұл бол, досым!, - деді Сенат депутаты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...