Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

23 Қыркүйек 2020, 10:29
1100
Бөлісу:
Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данэлия Төлешова АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтіп жатқан America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті.

Финалда 14 жастағы қазақстандық жас дарын Sia атты әншінің «Alive» әнін шырқады. 

Бұл соншалықты оңай композиция емес. Дайындыққа уақыт аз қалса да, біз осы әнді таңдадық. Мені қолдап, жылы сөзін аямаған жандардың бәріне алғысым шексіз, бұл мен үшін өте маңызды, - дейді орындаушы. 
Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенконың сөзіне сенсек, енді алдыңғы екі тур секілді мұнда да бір тәулік бойы көрермендер өзі ұнатқан орындаушысына дауыс береді, ал оның нәтижесі ертең жарияланады. 

ҚазАқпараттың мәліметінше, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер. 

Еске салайық, Данэлия Төлешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent шоу жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Кейін қазақстандық жас әнші америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының финалына өтті.


Өзгелердің жаңалығы