Бас жаңалықтар
Дәрігерлер: Карантин режимін бұзу – коронавирус құрбандарының санын арттырады
15 Сәуiр 2021, 21:21 226

Дәрігерлер: Карантин режимін бұзу – коронавирус құрбандарының санын арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Дәрігерлер қалада коронавирустық инфекцияның тіркелуінің негізгі себебін тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр деп пікір білдірді.

Сондықтан қала тұрғындарын санитарлық дәрігерлердің бұйрығын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір айдан астам уақыт «қызыл аймақта» тұр. Күніне КВИ ауруының 300-ден 650-ге дейін жағдайы тіркеледі.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда (2923) бір аптада сырқаттанушылықтың (3471) 1,2 есе немесе 19%-ға өсуі байқалады.

Сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі, яғни барлық сырқаттанғандардың 79,6%-ын құрайды, ал балалар 17,6%-ды, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды.

Коронавирустық инфекцияны тіркеудің және оның өсуінің негізгі себебі тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр: адам көп жиналатын орындарға бару, бетперде тақпау, пациенттердің де, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Вакцинация — коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудың жалғыз әдісі. Өмірдің қалыпты жағдайына оралу үшін вируспен тиімді күресудің кезеңінен өту керек.

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын аталған шараларға түсіністікпен қарауға және шыдамдылық танытуға шақырады. 

Карантин режимін бұзудың салдары коронавирус құрбандарының санын арттыруы мүмкін. Негізгі қауіп тобына созылмалы аурулары бар адамдар және аға буын өкілдері жатады. Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтық және вакцинация өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Қоғамдық денсаулық және әрқайсымыздың денсаулығымыз осыған байланысты. Тек оқшаулау мен вакцинация арқылы пандемияны жеңуге болады! - дейді дәрігерлер.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...