Фарабитану деген "әл-Фараби қазақ па, өзбек пе?" деген дауда жеңу емес – Дархан Әбдік

30 Сәуір 2020, 22:24
6133
Бөлісу:
Фарабитану деген "әл-Фараби қазақ па, өзбек пе?" деген дауда жеңу емес – Дархан Әбдік
EX VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамзат тарихында екінші ұстаз атанған ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеу әлемдік ғылымда 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады.

Ал байырғы түркістандық жерлесімізді Қазақстанда зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолға алынғаны белгілі.

Фарабидің дүнижүзіндегі мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетел ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре қатарлы ғалымдар негіздеді.

1975 жылы Мәскеуде, Алматы мен Бағдатта әл-Фарабидің артында қалған мол ғылыми мұрасын жете зерттеуге арналған Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, оған қатысқан ғалымдардың еңбектері жеке жинақ ретінде басылып шықты.

Алайда, фарабитануға отандық ғалымдар тереңдей алмаған сыңайлы. Оған күні бүгінге дейін төл теңгеміздің бетіне шыққан суретінен арғынысын білмейтіндер көп. Осы жерде біз шынымен әл-Фарабиді тани алдық па деген заңды сұрақ туындайды. 

Осы және өзге де фарабитануға қатысты сауалдарға белгілі журналист, әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына арналған "Өркениет шырақшысы" деректі фильмінің авторы Дархан Әбдік жауап берген еді.

Сұқбат барысында Дархан Әбдіктің өзі жасаған "Өркениет шырақшысы" фильмінен кадрлар пайдаланылды

Өзгелердің жаңалығы