Бас жаңалықтар
ДДСҰ: AstraZeneca вакцинасы әлі зерттелуі тиіс
29 Қараша 2020, 09:15 185

ДДСҰ: AstraZeneca вакцинасы әлі зерттелуі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы британиялық AstraZeneca вакцинасын әлі де зерттей түсу керектігін айтты, деп жазды «Хабар 24». 

Себебі британиялық компанияның аз мөлшерде кездейсоқ салған дәрісінің вирусқа қарсы тиімділігі 90%-ті құраған. 

Сондықтан оған қатысты қандай да бір қорытынды жасау ерте, - дейді сарапшылар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін AstraZeneca вакцинасын төмен мөлшерде қолданып, сынақтан өткізілгені жайында хабарланған болатын. Оған дейін екпені пациентке екі рет толық салып, екіншісінде алдымен жарты мөлшерін содан кейін толық көлемде егіп тексерген. 

Нәтижесінде бірінші сынақта дәрінің тиімділігі 62%-ті құраса, екіншісінде 90%-ке жеткен еді. Жоба авторларының табысы талайларды шаттандырғанын да айта кету керек. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы асығыстық танытпауға шақырады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...