ДДСҰ: Екпе вирустан 100 пайыз қорғамайды

16 Мамыр 2021, 02:35
1803
Бөлісу:
ДДСҰ: Екпе вирустан 100 пайыз қорғамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясының бірінші жылымен салыстырғанда екінші жылы кісі көп өлуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осындай көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Тедрос Гебрейесустың айтуынша, әсіресе, Үндістан, Непал, Вьетнам, Таиланд пен Египеттегі жағдай алаңдатарлық.

Бұл ретте мамандар әлем елдерін вируспен күрес және вакциналау бойынша күш біріктіруге шақырды. Десе де, ол екпе вирустан 100% қорғамайтынын тағы да еске салып отыр. Өйткені препарат қабылдаған адамдар індетті жұқтыруы мүмкін.

Шектеулерді алып тастау шешімі елде екпе салдырған халық санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек, – дейді ұйым басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы