ДДСҰ Еуропа мемлекеттерін босаңсымауға шақырды

28 Қараша 2020, 22:11
1338
Бөлісу:
ДДСҰ Еуропа мемлекеттерін босаңсымауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның кейбір елі карантиндік шараларын Жаңа жыл мен Рождество мерекелері қарсаңында жеңілдете бастаған кезде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) бұл мемлекеттердің тұрғындарын босаңсымауға шақырады.

ДДCҰ өкілдерінің айтуынша, бүгінгі күні коронавирус инфекциясының екінші толқынының таралуын қатаң шектеу шараларының арқасында ғана тоқтату мүмкін болған. Алайда Еуропа әлі пандемияның эпицентрі болып табылады. Бүгінгі күннің басты мәселесі - үшінші толқыннан сақтану.

Қырағылықты жоғалтпау керек. Біз қабылданған шаралардың оң әсерін, індетті жұқтырғандардың санының азаюын байқадық. Алайда қазір босаңсыйтын кез емес, - деді ДДСҰ маманы Мария Ван Керкхове.
Өзгелердің жаңалығы