Дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды

20 Қыркүйек 2020, 13:05
1360
Бөлісу:
Дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқыс оқиға Қарақия ауданындағы Шопан ата киелі орнына барар жолда болған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. 

Дельтаплан құлап, соның салдарынан зардап шеккен 1988 жылғы азаматқа көмек көрсету үшін оқиға орнына құрамында 5 адамы бар құтқарушылар тобы барды. Екі қолы сынған азаматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Сол жерде зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинистік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, ауруханаға жеткізілді, - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров.

Өзгелердің жаңалығы