Демалыс күндері шектеу шаралары сақтала ма?

18 Қыркүйек 2020, 17:49
1502
Бөлісу:
Демалыс күндері шектеу шаралары сақтала ма?

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына қатысты айтарым, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады, - деді ол.

Роза Қожапова  демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандарға тоқталды. 

Демалыс және мереке күндері сұлулық салондарына, шаштараздарға, СПА-орталықтарға, косметология қызметін көрсететін нысандарға, фитнес және спорттық сауықтыру орындарына, бассейндерге, жаттығу залдарына, спорт кешендеріне, сауналарға қатысты шектеулер алынды. Сонымен қатар діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деді ол.

Бұған дейін Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына сай карантиндік жеңілдіктер турасында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы