Демалыс күндері астанада кезекті жәрмеңке өтеді

22 Қазан 2020, 18:21
2000
Бөлісу:
Демалыс күндері астанада кезекті жәрмеңке өтеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24-25 қазанда «Хан Шатыр» СО жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Оған Magnum ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен болады.

Демалыс күндері астанада кезекті жәрмеңке өтеді

Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары ет және сүт өнімдерін әкеледі. Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынатын болады. 

Демалыс күндері астанада кезекті жәрмеңке өтеді

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын ұсынады.

Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкеледі.

Демалыс күндері астанада кезекті жәрмеңке өтеді

Көкөніс өнімдерін: қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының тауар өндірушілері сататын болады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өңірлерден азық-түлік өнімдері тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз ұсынылатын болады, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, шара барлық санитарлық норманы сақтай отырып өтеді.

Өзгелердің жаңалығы