Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болады

23 Қазан 2020, 16:43
1927
Бөлісу:
Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігіңдегі ауа райына Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Синопиктердің болжауынша, демалыс күндері жауын-шашын мол түседі. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ циклон ауа аздаған жоғары температура алып келеді, - делінген хабарламада

Өзгелердің жаңалығы