Денсаулық сақтау саласына демеуші көп

29 Маусым 2020, 21:32
2381
Бөлісу:
Денсаулық сақтау саласына демеуші көп
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі .Атыраулық науқастарды емдеуге жеке емханалар да жұмылды. Сондай ақ, демеушілер медициналық құрал-жабдықтармен қолдау көрсетіп жатыр.

Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді індетпен жұмыла күресуге шақырған едік. Олар іле-шала қолдау көрсетті. Керекті құрал-жабдықтарды жедел алып беріп жатыр. Атырау қаласында  қосымша провизорлық стационарлар ашылып жатыр.Облыстағы барлық аурухана, емханалар жанынан провизорлық орындар ашуды жедел қолға алудамыз. Облыстағы үш жеке емхана қолдау көрсетуде,-дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Жалпы облыста 595 инфекциялық, 2328 карантиндік, 513 провизорлық кереует дайындалған. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 565, провизорлық стационарларда 422 науқас ем алып жатыр. Облыс бойынша 1333 науқас емделіп шыққан, оның 1061-і Теңіз кен орнының жұмысшылар екен.

Атырау қаласындағы Ұлттық сараптама орталығындағы дәрігерлердің 95 пайызы инфекция жұқтырып, сырқаттанып қалды. Осының салдарынан облыстағы сынамалар уақытылы дайын болмады. Қазір үш маман қызмет етіп жатыр.Осыдан соң жергілікті әкімдік демеушілердің көмегімен қаладағы емханалардың бірінің жанынан полимеразды тізбекті реакция сынамаларын алатын зертхананы ашулы ұйымдастырып жатырмыз. Ең алдымен провизорлық ауруханаларда жатқан науқастардың сынамасы жедел дайын болуы керек. Сондықтан біз ең алдымен осы мәселені шешуге жұмыстанудамыз,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысында 1435 дәрігер, 4970 мейірбике, 1486 кіші буын медициналық мамандар қызмет етіп жатыр екен. 
Өзгелердің жаңалығы