Бас жаңалықтар
Diamond Princess лайнеріндегі 4 қазақстандық елордаға келді
24 Ақпан 2020, 12:10 101

Diamond Princess лайнеріндегі 4 қазақстандық елордаға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметі 2020 жылғы 24 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 23 ақпанға дейін елімізге 30 066 адам келді. 6 қаңтар - 20 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 004 адамды қарап-тексерді, - делінген хабарламада.

Мониторингке барлығы 24 464 келгендер алынды, 23 972 қамтылды, мониторингтен 24 252 алынды, соңғы 14 күнде келген 212 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 78 адам.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 158 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 7 адам қалды.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр-Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.

Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқуға болады және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталыққа қоңырау шалуға болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...