Диетолог әйел сұлулығын бұзатын ең зиянды өнімдерді тізіп берді

6 Наурыз 2021, 13:01
1268
Бөлісу:
Диетолог әйел сұлулығын бұзатын ең зиянды өнімдерді тізіп берді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Артық салмақ жинау гинекологиялық аурулардың дамуына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы РИА ФАН жазды.

Бұған жол бермеу үшін майлы тағамдардан бас тарту керек.

Диетологтар мен нутрициологтардың ұлттық ассоциациясының терапевті Наталья Круглова майлы ет, жартылай фабрикаттар және құрамында май мөлшері жоғары шұжықтар әйелдердің рационында едәуір шектелуі керек деп ескертті. Ол аурулардың алдын алу үшін калория мөлшерін бақылау қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ әйелдерге күніне 40-50 грамнан артық қарапайым көмірсулар тұтынуға болмайтынын да айтты. 

Круглованың айтуынша, қантты көп мөлшерде қабылдау коллаген синтезіне кері әсер етеді. Бұл терінің күтімінне кері әсерін тигізеді. Диетолог құрамында жеміс-жидегі бар тәттілер мен йогурттардан бас тартуды ұсынады.

Мұндай зиянды тағамдарды пайдалы тағаммен алмастыру керек. Жаңғақтар мен өсімдік майлары әйел ағзасына жақсы әсер етеді. Өйткені олардың құрамында тері жасушаларын жаңартуға қажетті Е дәрумені көп, - дейді диетолог.

Сонымен қатар диеталық талшықтарға бай тағамдарды рационға қосу қажет. Оларға көкөністер, жемістер, тұтас дәнді нандар және жапырақты шөптер жатады. 

Әрине майлар ағзаның жұмыс істеуі үшін өте қажет, бірақ оларды теңіз өнімдері мен майлы балықтардан алған дұрыс. 

Мұндай өнімдерде омега-3 май қышқылдары бар. Олар жүрек жүйесін тамырлар мен жүрек ауруларынан қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы