Әділет министрлігі құқықтық кеңестерді онлайн жүргізеді

1 Сәуір 2020, 23:11
3008
Бөлісу:
Әділет министрлігі құқықтық кеңестерді онлайн жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат орталығы елімізде төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілуіне байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіру жұмыстарын онлайн режимде жалғастыруда.

Аталған кезеңде өтініштер саны 30%-ға артты. 5000 азаматқа call-center арқылы кеңес берілсе, 3000-ға жуық өтінішке WhatsApp онлайн мессенджері арқылы жауап жолданды. Ақпарат орталығы демалыссыз, күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кеңес береді, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қоңыраулар 87172580058 және 119 нөмірлері бойынша қабылданады, сондай-ақ 87086935631 нөмірі бойынша WhatsApp хабарламасын жіберуге болады.

Сонымен қатар, аумақтық әділет органдары, ерікті заңгерлер және заң қауымдастығының өкілдері құқықтық мәселелер бойынша онлайн кеңестер көрсетеді.

Түсіндіру жұмыстары аумақтық әділет органдарының мынадай әлеуметтік желілері арқылы  жүргізіледі:

1. @adiletgovkz – Әділет министрлігі 

2. @nur_sultan_adiletgovkz – Нұр-Сұлтан қ. Әділет департаменті;

3. @adilet.departament.almaty – Алматы қ. Әділет департаменті;

4. @shymkent.adilet.gov.kz – Шымкент қ. Әділет департаменті;

5. @pvl.adilet.gov.kz – Павлодар обл. Әділет департаменті;

6. @kyzylorda_adilet_dep – Қызылорда обл. Әділет департаменті;

7. @atyrauadiletdep – Атырау обл. Әділет департаменті;

8. @turkestan_justice – Түркістан обл. Әділет департаменті;

9. @departament_usticii_kostanai – Қостанай обл. Әділет департаменті;

10. @jambyl_justice – Жамбыл обл. Әділет департаменті;

11. @departament_ustisia_zko07 – Батыс Қазахстан обл. Әділет департаменті;

12. @departament_justisii_vko – Шығыс Казахстан обл. Әділет департаменті;

13. @departament_usticii_mng – Манғыстау обл. Әділет департаменті;

14. @adiletgovsko – Солтүстік Қазахстан обл. Әділет департаменті;

15. @dep.ust.aktobe – Ақтөбе обл. Әділет департаменті;

16. @departament_yusticii_akmola – Ақмола обл. Әділет департаменті;

17. @karaganda.adiletgovkz – Қарағанды обл. Әділет департаменті.

Өзгелердің жаңалығы