Бас жаңалықтар
Димаш өз бейнебаянының режиссері атанды
01 Тамыз 2020, 17:26 289

Димаш өз бейнебаянының режиссері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өз бейнебаянының режиссері атанды. Бұл туралы ол instagram-дағы парақшасында жазды. 

Достар жақсы және жаман жаңалық бар. Мен жаңа бейнебаянның режиссері болдым. Бұл, әрине, өнерді бағалаушылар үшін жаман жаңалық болды. Бірақ мен жалғыз емеспін. Мені және менің барлық көрерменімді өте талантты қоюшы-оператор, режиссер (мен сияқты емес) Азамат Дулатов құтқарып қалды. Сондықтан үміт бар. Жуырда, - деп жазды ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...