Бас жаңалықтар
Димаш Мәскеуде екінші рет жеке концертін береді
04 Желтоқсан 2019, 04:48 1037

Димаш Мәскеуде екінші рет жеке концертін береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші рет жеке концертін беретін болды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

Қымбатты достар! Сіздердің сансыз сұраныстарыңыз бойынша 2020 жылы 9 наурызда Мәскеудегі "Мегаспорт" аренасында өтетін өзімнің концертіме шақырамын. Бұл көңілді, креативті және сезімге толы болады! Билеттер Ресей бойынша турнедегі билеттерді ресми сатумен айналысатын әріптес - www.icetickets.ru сайтында, - деп әнші тыңдармандарын жеке концертіне шақырды. 
Айта кетейік, осы жылы Мәскеуде 22 наурызда Кремль сарайында Димаш Құдайбергеннің бірінші жеке концерті өткен еді. Оған әншінің шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлер келген болатын.

   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...