Димаш "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанғанын ұшақтан түскенде білген

12 Желтоқсан 2019, 17:24
22500
Бөлісу:
Димаш "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанғанын ұшақтан түскенде білген
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йорк қаласында үлкен концертін өткізіп келген Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алғанын ұшақтан түскенде ғана естігендерін айтты.

ARAM2235.jpg

Келген бойда білдік. Ұшақтан түскен бойда естідік. Үлкен қуаныш. Бұл енді осындай сенім артып жатқан, қашан да қанатын қомдап ұшқалы тұрған балапандарға қолдау білдіріп отырған біздің халқымыз, еліміз. Сондықтан да жаңалықты үлкен қуанышпен қарсы алдық. Түскен бойда сіздер (журналистер - авт.) ең бірінші болып сүйінші сұрадыңыздар. Бойымызды үлкен тебіреніс, үлкен қуаныш кернеп тұр. Үйге барған соң ата-анамызбен бөлісеміз. Ол кісілер де қуанышты бөліскісі келіп жарылайын деп отырған шығар, - деді Димаштың әкесі.

ARAM2250.jpg

ARAM2256.jpg

Еске сала кетсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді.

Өзгелердің жаңалығы