Бас жаңалықтар
Дін тақырыбындағы ақпаратты абайлап тарату керек
23 Қазан 2020, 19:13 1552

Дін тақырыбындағы ақпаратты абайлап тарату керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Дін мәселелерін зерттеу орталығы «Ақпараттық кеңістікте дін саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған семинар-тренингін» өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ақпарат кеңістігіндегі ұйымдастырлуы мен дін тақырыбына қатысты ақпараттық-сараптамалық өнімдерді даярлау мен оқырманға жеткізудің жаңашылдығымен өзекті мәселелері жөнінде пікір бөлісіп, тәжірбие алмасты.

Аталған шараға БАҚ және блогерлер қауымдастығының өкілдері қатысып өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинарды ашқан Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Әлмұханов Нұрдаулет Иманәліұлы бүгінгі ақпараттық қоғамның маңызы мен ерекшелектеріне тоқталып, БАҚ өкілдерінің дін тақырбын жариялау мен жазудағы өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, дін тақырыбында ақпарат дайындайтын журналистер қауымдастығының ел болашағы алдындағы жауапкершілігі өте үлкен екеніне де мән беріп, іс – шараға қатысушыларға өз алғысын білдірді.


Сөз кезегін алған республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Әшімжанов Жанарбек Садыханұлы «Дін тақырыбына қалам тартып жүрген өз әріптестері жөнінде, әлі сауаттылық пен маманданудың кенже қалып жатқанын атап, дін деген нәзік тақырыпқа өте сақтықпен келу керек екенін атап өтті. ҚМДБ –ның дін саласында жазатын журналистерге арналған арнайы оқу сауаттылықты көтеру мақсатында дәрістер ұйымдастырылса, және болашақ журналистерді даярлайтын ЖОО-ның жанында дін тақырыбына машықтанған мамандар даярлауға деген сұранысты ұйымдастыру жөніндегі пікірін ортаға салды.

Іс-шараға «Zoom» желісі арқылы онлайн қосылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің Интернет кеңістіктегі діни экстермизді алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Долиев Жапал Әмзебекұлы «Зайырлылық қағидаттарын кеңінен насихаттау арқылы ғана қоғамдағы діни алауыздық пен діни деструктивті ағымдарға қарсы тұра аламыз» деп дін сарапшыларының легін даярлау мен оларға деген мемлекет тарапынан сұраныстың бар екенін атап өтті. Дін мәселесіндегі ақпараттық кеңістіктегі «фейк» жалған ақпараттармен жұмыстың да маңызды екенін атаған уәкілетті органның өкілі журналистер мен блогерлердің белсенділігінің бүгінгі таңдағы маңызына тоқталды.

Іс-шараға арнайы шақырылған оқытушы спикер «Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты Талдау және мониторинг департаментінің» директоры Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаты аясында қолданылатын ұғымдық императивтер» деген дәрісі барысында дін саласындағы мемлекеттік саясат аясында ұғымдарды сауатты қолдану ерекшеліктерін ашып көрсетті. «Конфессия» (діни бағыт), «діни ағым», «діни ұйым», «діни бірлестік» (құқықтық дискурс), «секта» (ғылыми дискурс), «дәстүрлі дін», «дәстүрлі емес дін» (ғылыми дискурс), «жаңа діни қозғалыстар» (ғылыми дискурс), «деструктивті діни ағымдар» (ғылыми дискурс), «синкреттік діни ағымдар» секілді діни терминдік ұғымдардың ақпараттық кеңістікте дұрыс және бұрыс қолданылуы жөніндегі сараптамаларымен бөлісті.


Доктор PhD, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Оспанова Айкерім Нұрәліқызы «Ақпараттық кеңістіктегі дін тақырыбын жариялаудың ерекшеліктері» жөніндегі дәрісінде ақпараттық технологиялардың бүгінгі адамзат өркениетіне әсерлеріне теориялық дискурс жүргізіп, аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған таратпа ақпараттық – әдістемелік нұсқаулықтың өте сапалы дайындалғанына тоқталып, осындай нұсқаулықтардың көптеп дайындалуы мен қолжетімді болуын маңызды деп көрсетті.

Замануи адамдардың өмірінде әлеуметтік желілердің алып отқан орны мен дүниетанымдық өзектілігі артып отыр. Сондықтан ғаламтор мен әлеуметтік желідегі ақпарат қауіпсіздігі бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды тақырып, – деді ол.

Өз кезегінде сөз алған тележурналист, блогер Нұрбек Бекбау «дін тақырыбына пікір айтпайтын, дін тақырыбында сарапшы-мыс, желі қолданушыларының көбею трендінің» бүгінгі қазақ қоғамында өзектілігін көрсетіп, дін тақырыбына кез келген азамат көзқарас пен пікір айтуы ақпараттық қауіпі бар құбылыс екенін атады.


Кезінде даңқты қолбасшы Наполеон Бонопарт мен әскерден қорықпаймын, маған бес газет болса кез келген елді жаулап аламын- депті, мен айтар едім, менің қазір қорқатыным деңгейсіз, сауатсыз үш журналист деп, – деді журналист Нұрбек Бекбау.

Бізде дінді маңызды тақырып деп қарайтындар аз, бұл салаға қалдықты технология секілді, қалдықты, мектепті нашар оқыған оқушылар келіп жатады, бұл өте қате құбылыс. Озат оқушылар мен дарынды оқушылар да бұл салаға келіп, мамандануы керек деген спикер дін тақырыбында жазатын журналист мамандар арасында сараптамалық дағдының жоқтығы мен сауаттылық деңгейінің төмен екендігін басып айтты.


Арнайы репортаждар мен дін тақырыбына қатысты ақпараттық өнім дайындау барысында тақырып таңдау мәселесіне тоқталған спикер, көп жағдайда зерттеу мен зерделеу кемшін қалып жататыны және де дін тақырыбына қатысты ақпарат дайындағысы келетін адамға негізгі бес шартты атап көрсетті. Олар дін тарихы мен саясаттануы, әлеуметтанушылық, дінтанушылық, психологиялық бэкграундтың болуы маңызды деді.

Жалпы аталмыш іс – шараға журналистер мен блогерлер қауымдастығынан отыздан аса адам қатысып, «Zoom» желісі арқылы онлайн форматта қырықтан астам тыңдарман қосылды. Санитарлық - эпидемилогиялық сақтық ережелеріне сай оффлайн қатысушылар екі секцияға бөлініп дәрістер алды.



Фото: дереккөз
Загрузка...