Дінтанушы: Терроризм бабымен сотталғандар арасында қылмысы үшін өкінбейтіндер бар

6 Қараша 2019, 16:16
3266
Бөлісу:
Дінтанушы: Терроризм бабымен сотталғандар арасында қылмысы үшін өкінбейтіндер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі діни радикализм идеяларын ұстанатын әйелдер ашық түрде болмаса да, олардың мемлекеттің ұстанымын іштей қолдамайтыны білінеді. Мұндай пікірді Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында дінтанушы, "Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Толғанай Мұстафина айтты.

Дінтанушының айтуынша, діни радикализм идеяларын ұстанатын әйелдер ортасында дін саласындағы саясатты қолдамау үрдістері ашық түрде байқалмағанмен, мемлекеттің ұстанымын іштей қолдамайтыны білінеді. 

Түсіндерме кездесулер барысында олардың тарапынан алдағы кезде мемлекетіміз зайырлы қағидаттардан бас тартып, діни мемлекетке айналуы жайында астыртын ниеттері бар екендігін білдіреді. Егер діни радикалды идеологияны ұстанатын отбастары әдетте көпбалалы (кемінде 5-6 бала) екендігін назарға алсақ, алдағы 10-15 жылда мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын қолдамайтын жастар мен орта топтың келешектегі үлесі айтарлықтай алаңдатушылық туғызатынын болжауға болады. Сонымен қатар, жекеленген профилактикалық сұхбаттар барысында діндар азаматтар ішінде өздерінің ішкі ұстанымдарын каммуфляждау әдеттері орын алатыны аңғарылады. Нақтырақ айтқанда, діндар ер-азаматтарының мемлекет тарапынан заңдылық бұлтартпау шараларына ілігіп қалу қаупі, мемлекеттік қызметке орналасуда кедергілердің орын алу ықтималдығы оларды ішкі діни ұстанымдарын камуфляждауға негізгі факторлар десек болады. Сыртқы келбеттеріне зайырлылық қағидаттарына сәйкес өзгертулер енгізгенімен, бұндай азаматтар өздерін тиісті ортада қалай ұстау керектігін жете біліп, балаларын да осылайша ішкі діни ұстанымдарын жасыруға үйретеді. Аталмыш категориядағы азаматтардың осындай астыртын көзбояушылық әрекеттері алаңдатушылық туғызып отыр, - дейді Толғанай Мұстафина.
Сонымен қатар, діни экстремизм және терроризм баптары үшін жазасын өтеп жүргендер арасында бұл жағдайды Жаратушы иеден келген сын деп қабылдап, жасаған қылмыстары үшін өкінбейтіндер, жазаға тартылу мерзімін өтеуді ішкі діни ұстанымын шынықтыратын мүмкіндік ретінде қарайтындар кездеседі екен.
Қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтитын топтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу де қолға алынуда. Аталған санаттағы топтармен түсіндіру жұмыстары сауда орталықтарында, базарларда жүргізіледі. Назарға мұсылмандық тауарлар сату орындары да алынады. Кері байланыс орнату кездерінде ол саудагерлердің басым көпшілігі әйелдер, оның ішінде кәсіби мамандықтары бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмысқа орналаса алмай, содан сауда саласында жұмыс жасап жүргендер екенін айта кету керек. Олардың тарапынан мемлекеттік ұстанымдарға деген ішкі наразылық орын алуы аңғарылады,  - деді Толғанай Мұстафина Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында.
Айта кетейік, осыған дейін, елордада өтіп жатқан Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары, ҰҚК полковнигі Сергей Швейкин әлемде террористік белсенділіктің өршіп бара жатқанын және елімізде деструктивті ағымда жүрген азаматтардың саны 20 мыңнан асатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы, бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз түзеу мекмерімен жұмыс жасайтын имамдарға тұрақты жалақы тағайындалса деген ұсыныс айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы