Бас жаңалықтар
"Дорогая Қымбат" бағдарламасы "Хабар" телеарнасында
Серіктестік материал
12 Желтоқсан 2019, 19:02 2850

"Дорогая Қымбат" бағдарламасы "Хабар" телеарнасында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  "Хабар" телеарнасының биылғы жаңа маусымдағы жаңа жобалардың тізімін "Дорогая Қымбат" бағдарламасы жалғастырмақ. Жоба жүргізуішісі – танымал қазақстандық журналист, көптің көзайымына айналып үлгерген тележүргізуші – Қымбат Хангелдина.

14 желтоқсан, сағат 11.30-да көрерменге жол тартатын жобаның алғаш шығарылымынан қапы қалмаңыздар. "Дорогая Қымбат" - Қазақстанға ат басын бұрған атақты әртістер, ғалымдар, саясаткерлер, қоғам қайреткерлері, суретшілер, режиссерлермен әсерлі әңгіме-дүкен құрып, сырлы сұхбат жүргізуге бағытталған туынды. Бағдарлама төрінен табылған әр қонақ - өзімен бірге құнды ақпаратын әкеліп қана қоймай, көзі қырағы көрермендермен сол ақпаратымен ашық бөлісетін болады.

Жаңа жыл қарсаңында жарыққа шыққан жоба қонақтарының қатарынан – Украина елінің танымал педиатор –дәрігері, жазушы - Евгений Комаровскийді, заманауи әзірбайжан жазушысы - Эльчи́н Сафарли́ді, испандық оркестрдің солисті – Ержан Кулибаевты, ресейлік танымал актерлер – Антон мен Виктория Макарскийді, грузиялық кинорежиссер - Ираклий Квирикадзені, ресейлік танымал теннисист - Шишкин Валерийді, Сергей Образцов атындағы дүние жүзіндегі ең үлкен қуыршақ театрының актерлері - Чабанюк Оксана мен Виолин Федорды, ресейлік фигурист – Илья Авербухты,  ресейлік театр, кино және дубляж актрисасы - Нелли Уварованы т.б. көре аласыздар.

Мәдениет пен өнердің сан түрлі салаларында аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтардың өмірі мен олардың шығармашылықтағы жолы туралы не білеміз?

Сіздермен бөлісетін құнды ақпараттарын естігіңіз келе ме? Онда, әр сенбі сайын, "Хабар" телеарнасынан, сағат 11.30-да "Дорогая Қымбат" бағдарламасын жіберіп алмаңыздар.
     


Фото: дереккөз
Загрузка...