Дубай-Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды

25 Ақпан 2021, 10:49
1196
Бөлісу:
Дубай-Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 24 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.

2021 жылдың 24 ақпанында Қазақстан аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен - 802, анықтамасыз - 36;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен - 282; анықтамасыз - 248;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 23 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет те жария етілді.

Анықтамасыз келген 293 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы