Бас жаңалықтар
Елордалық тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды
25 Ақпан 2020, 13:24 277

Елордалық тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі, 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға, сот отырысына қатысушыларға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын, - дейді полицейлер.

Полицейлердің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында ол кінәлі болып табылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы тілхат жазу түрінде шара қолданылған. Кейіннен соттың тергеу амалдарын жүргізуден жалтаруына байланысты оны қамауға алу туралы шешім қабылданды. 24 ақпанда сағат 21:00-де Дулат Ағаділ үйінде отырған жерінен ұсталып, тергеу изоляторына жеткізілді. Уақытша тергеу изоляторындағы камерада одан бөлек 4 адам болды. Олар қайтыс болған азаматқа қатысты зорлық-зомбылық фактілері болмағанын айтты.

Сот медициналық сараптама қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйінде болғанын көрсетті.  

Тергеу изоляторына келген жедел жәрдем бригадасы Ағаділдің өлімін констатациялады. Қоғам белсендісінің өлімінің себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі болуы мүмкін. 

Оның денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.




Фото: дереккөз
Загрузка...