Дзюдодан әлемдік рейтинг жаңарды

16 Қаңтар 2021, 20:30
3197
Бөлісу:
Дзюдодан әлемдік рейтинг жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы Дохадағы Masters турнирінен соң әлемдік рейтингті жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz. 

60 келі салмақта Елдос Сметов бесінші орыннан төмендеген жоқ. Ал Ғұсман Қырғызбаев 10-шы орында.  

66 келіде Ерлан Серікжанов 11-ші, Елдос Жұмақанов 25-ші сатыда тұр.  

73 келіде Жансай Смағұлов 2930 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтады.  

81 келідегі Дидар Хамза 28-ші, 

90 келіге дейінгі салмақтағы Ислам Бозбаев 20-шы орында.  

Айта кетелік, Дохадағы турнирде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Жансай Смағұлов тіркеді. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде жеңіліп, бесінші орын иеленді. 


Өзгелердің жаңалығы