Дзюдодан ересектер арасындағы Еуропа кубогі өтпейтін болды

1 Тамыз 2020, 07:40
1562
Бөлісу:
Дзюдодан ересектер арасындағы Еуропа кубогі өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа дзюдо одағы құрлықтық жарыс күнтізбесін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус пандемиясына байланысты Словакия астанасы Братиславада жоспарланған ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогі өтпейтін болды. Аталған жарыс ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегінде өтуі тиіс еді. 

Еуропа кубогінен бөлек, Еуропа құрлығында жоспарланған барлық халықаралық оқу-жаттығу жиындары мен жаттығу лагерьлері өтпейтін болған. 


Өзгелердің жаңалығы