Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады

21 Сәуір 2021, 01:32
1365
Бөлісу:
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық дзюдошылар Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдап жатыр.

Бас бапкер Ерлан Алпысбаев жетекшілігімен Ақмарал Науатбек, Ғалия Тынбаева, Абиба Абужақынова, Севара Нишанбаева, Иоланта Бердібекова, Мөлдір Нарынова, Назерке Тілеуханова, Камила Берліқаш және Назгүл Маратова дайындықтарын пысықтауда.

Айта кетерлігі, аталған жаттығу жиыны 5 мамырға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы