ЕАЭО-да «Шекарасыз жұмыс»

2 Желтоқсан 2020, 23:23
1012
Бөлісу:
ЕАЭО-да «Шекарасыз жұмыс»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Технологиялық инновацияларды дамыту және цифрлық экономикаға көшу экономикалық өсудің түйінді қозғаушы күші, бұл да ЕАЭО шеңберінде еңбек нарығын трансформациялауды «тартып алады».

Ортақ еңбек нарығын дамыту және еңбекшілерді жедел жұмысқа орналастыру мақсатында ЕАЭО мемлекеттерінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыруды және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Еуразиялық электрондық еңбек биржасы экожүйесінің цифрлық моделі қалыптастырылуда.

Осылайша, Қазақстан тарапы бастамашылық еткен осы нысаналы модельдің 10 сервисінің бірі «Шекарасыз жұмыс» іздеу жүйесі.

«Шекарасыз жұмыс» жобасын әзірлеу 2019 жылғы 9 қыркүйекте іске қосылды. Нәтижесінде азаматтар мен жұмыс берушілерге ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігіндегі бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын іздеушілер туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін іздеу жүйесі құрылатын болады.

Жобаға ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің ұлттық жүйелері жұмылдырылған. Қазақстан Республикасынан жобаның үйлестірушісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық оператор – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ.

Бүгінгі күні осы жобаны іске асыру үшін үлгілік бағдарламалық қамтамасыз ету құрылды, ЕАЭО елдерінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді.

«Шекарасыз жұмыс» Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымын пайдалану құқығы ЕАЭО елдеріне өтеусіз негізде берілді. «Шекарасыз жұмыс» жобасын іске қосу 2021 жылғы қаңтарда жоспарланып отыр.

Тұтастай алғанда, осы жобаны іске асыру ЕАЭО азаматтарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге оң ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы