«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы ауысты

18 Қаңтар 2021, 13:53
3775
Бөлісу:
«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы ауысты. Бұл туралы журналист Серікқали Мұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Курстас досымыз, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болып тағайындалды! Құтты болсын! Еңбегіңе жеміс, «Егеменге» толайым табыс тілейміз!!!, – деп жазды Серікқали Мұқашев.
егемен1.jpeg

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тамамдаған. 1992 жылдан, V курстан бастап «Егемен Қазақстан» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінде еңбек етті. Аталған басылымда тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, бас редактордың орынбасары қыз­меттерін атқарды.

Бұған дейін «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы болған. «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген. «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығының иегері.


Өзгелердің жаңалығы