Екі қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогінде» топ жарды

16 Қаңтар 2021, 12:14
1682
Бөлісу:
Екі қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогінде» топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан «Ұлттар кубогінде» Қазақстан командасы алғашқы екі алтынын еншіледі деп жазады Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, 48 келідегі Арайлым Марат пен 54 келідегі Дина Жоламан турнир жеңімпаздары атанды.  Арайлым финалда словакиялық қарсыласын жеңсе, Дина шаршы алаң иесі сербиялық боксшыны ұтты.  

Бұл қазақстандық спортшылардың ұзақ үзілістен кейін қатысып жатқан алғашқы халықаралық жарысы екенін айта кеткен жөн. 


Өзгелердің жаңалығы