Екі облыс әкімінің орынбасарларына сөгіс жариялау ұсынылды

12 Сәуір 2021, 11:34
2134
Бөлісу:
Екі облыс әкімінің орынбасарларына сөгіс жариялау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысы барысында Пемьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол берген облыс басшыларының орынбасарларына сөгіс жариялауды ұсынды. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын өсуіне жол берму жұмыстары өте маңызды.

 Бірінші тоқсанда әлеуметік маңызы бар тауарлар өсуінің ең жоғарғы көрсеткіші  Атырау және Жамбыл облыстарында орын алды. Осыған байланысты осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашевке қатаң сөгіс жариялауды облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын, - деді ол.

Сонымен қатар ол бірінші тоқсанның қорытындылары елдегі экономикалық белсенділіктің жанданғанын көрсеткенін атап өтті. 

Тауарлар өндірісі оң нәтиже көрсетіп, 1,8 процентке өсті. Жылдық инфляция 7 процентке баяулады. Алайда орталық және  жергілікті атқарушы органдар қарқынды көтеру керек. Әкімдіктермен бірлесіп, сапалы инвестициялар тарту және орта бизнесті қолдау шараларын тиімді іске асырулары тиіс, - деді ол.

Оның айтуынша, бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджеттік кірістерінің өсі қарқыны бар. Бұған негізінен жергілікті бюджет кірістерінің өсуі әсер етті. Есептік мәліметер жергілікті бюджеттердің кассалық қалдықтары айдан айға ұлғайып келе жатқанын көрсетеді. 

Осыған орай жергілікті атқарушы органдарға проблемалық мәселелерді алдымен жергілікті бюджет есебінен жабу қажет деп санаймын. Бюджет қаражатын игеру бойынша ахуалдың жақсарғаны орталық мемлекеттік органдарды да, жергілікті мемлекеттік органдарды да босаңсытпауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы өткізу және экономиканы қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру өзекті болып табылады. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша шаралар уақтылы қабылдануы қажет, - деді ол.
Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау жөніндегі Әлихан Асханұлының ұсынысын қолдаймын, - деді А. Мамин.
Өзгелердің жаңалығы