Екі полицейді мерт қылған BMW жүргізушісі бұрын да істі болған

26 Мамыр 2020, 16:11
2061
Бөлісу:
Екі полицейді мерт қылған BMW жүргізушісі бұрын да істі болған

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы блок-бекетте екі полиция қызметкерін жазым еткен мас жүргізуші бұған дейін де жол-көлік қозғалысы бойынша істі болған.

2017 жылдың 24 сәуірі күні сағат 11:45 шамасында А. Азаматов Peugeot маркалы 580 KP 02 мемлекеттік нөміріндегі көлікпен Гоголь көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Абдуллин көшесінің қиылысында ҚР ЖЖЕ-нің 10-бөлімінің 1-тармағын бұзған. Ол көлікті басқара алмай Toyota маркалы 715 VYA 02 мемлекеттік нөміріндегі көлікпен соқтығысқан. Toyota рөлінде И. Клочкова есімді азамат болған, ол Абдуллин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жол-көлік қозғалысы салдарынан көлікке механикалық зақым мен материалдық шығын келтірілген. Аталған жағдай бойынша Алматы ІІД ТТ КБ инспекторы полиция аға лейтенанты А. Алтыбаев ҚР ЖЖЕ-нің 1-бөлімінің 10-тармағы бұзылғанын тіркеп, 610-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік заңбұзушылық жөнінде хаттама толтырған, - делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2017 жылғы 17 мамырдағы қаулысында.
Құжатта сондай-ақ, А. Азаматов сот отырысы өтетін күні келмегені айтылады. Кейін сот Азаматовты ЖКҚ-на кінәлі емес деп таныған әрі жол оқиғасына Клочкованың жауапты еткен.
Жол-көлік қозғалысын тексеру және себебін анықтау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ету дәлелдемелері дұрыс бағаланбаған, сондықтан жеке тұлғаның кінәсі расталмады, - делінген құжатта.

Өзгелердің жаңалығы