Бас жаңалықтар
Елордада төтенше жағдай режимін бұзған екі әйел ұсталды
01 Сәуiр 2020, 18:15 425

Елордада төтенше жағдай режимін бұзған екі әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері төтенше жағдай режимін бұзған екі әйелді ұстады.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хаарлады.
31 наурызда сағат 16.50-де Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы тоқтатылғанын біле тұра, төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік органмен белгіленген карантин және өзге де міндетті сантарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу режимін бұзып, ескі вокзалдың қосымша есігі арқылы оның аумағына кірген екі әйелді ұстады. Сұрау алу кезінде көлік полицейлері құқық бұзушылардың жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің 33 және 35 жастағы кассирлері екенін анықтады, - делінген хабарламада.

Оларға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғандары үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ҚПК 476-бабы).

Нұр-Сұлтан қаласындағы Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушылардың әрқайсысына 10 АЕК (26 510 тг) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай
жариялау туралы" Жарлығына сәйкес Көліктегі полиция департаментінің жеке құрамы еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында қызмет өткерудің ерекше режиміне көшті.




Фото: дереккөз
Загрузка...