Екібастұзда жол апатынан үш адам зардап шекті

17 Қаңтар 2021, 23:23
1220
Бөлісу:
Екібастұзда жол апатынан үш адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз маңындағы жол апатында үш адам зардап шекті. Жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына 10 минут ішінде келді.

Екібастұз қалалық ауруханасына үш адам жеткізілді.

47 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйелде жабық бас миының жарақаттары мен контузия  анықталды. 1984 жылы туған екінші ер адамға кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылған - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасында

Жол апаты Екібастұз – Солнечный кенті тас жолында орын алды.
Өзгелердің жаңалығы