Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығана арналған турнирге 100-ге жуық шешен қатысты

23 Ақпан 2021, 13:48
1497
Бөлісу:
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығана арналған турнирге 100-ге жуық шешен қатысты

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-турнир еліміздің 100-ге жуық сөз шеберінің басын қосты.

Республикалық шара аграрлық колледждің базасында ұйымдастырылды. Пікірталас жарысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Семей, Қостанай қалалары, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 96 жас қатысты. 15 жоғары оқу орнының 48 командасы үздік атануға тырысып бақты.

Мәселен, «Ertis» инновациялық-аграрлық колледжі жанындағы пікірталас клубы екі жыл бұрын ашылған. Бүгінде сөзге шешен студенттер жоғары оқу орнындағы дебат клубтарына бәсеке болуда.

Бүгінгі күнге дейін колледж жастары бірнеше турнир өткізіп үлгерген. Ал республикалық шараны алғаш рет ұйымдастырылуда. Ал Viak Cup I ауқымды турнирі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Пікірталас турнирі - жастар үшін бос уақытты өткізудің жолы ғана емес. Бұл - студенттер үшін таным көкжиегін кеңейтіп, өзін-өзі дамытудың тамаша мүмкіндігі. Олар топта жұмыс істеп, жеке көзқарастарын ашық көрсетуге дағдыланады. Бұл дағдылардың барлығы кәсіби тұрғыдан да дамуға зор септігін тигізеді. Қазіргі таңда колледжде қазақ және орыс тілдеріндегі лигалар бар, - дейді «Ertis» инновациялық-аграрлық колледжі бөлімінің меңгерушісі Ырысты Әміркенова.

Зияткерлік жарыс үшін екі формат таңдалды. Нақтырақ айтқанда, пікірталас британдық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматы бойынша жүргізілді. Студенттер әлеуметтік сипаттағы мәселелерді қызу талқыға салды. Жастар моральдық құндылықтар мен қағидаттар туралы ой өрбітті.

Қазылар арқасының шешімімен Қарағанды экономикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері жастар лигасында үздік атанды. Ал негізгі лигада Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жастары жеңіске жетті.

 


Өзгелердің жаңалығы