Елбасы Қазандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

11 Мамыр 2021, 17:00
2739
Бөлісу:
Елбасы Қазандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің ресми сайтында хабарланды.

Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Қазан қаласында №175 мектеп гимназиясында белгісіз екі азамат мектеп ішінде атыс ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша 13 адам ажал құшты. Оның 12-сі мектеп оқушысы, біреуі мектеп мұғалімі. Татарстандағы мектепте атыстан бөлек, жарылыс та болған.
Өзгелердің жаңалығы