Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

26 Қараша 2020, 21:02
1742
Бөлісу:
Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев атлетика алаңы мен жаттығу орталығын аралап, спорт кешенінің бейне таныстырылымын көрді.

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

Жаңа спорт нысаны биыл қараша айында іске қосылып, Олимпиадалық даярлау орталығына пайдалануға берілді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие болды. Бұл сертификат ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, екі бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

Нысан құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаражатына салынды.

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

Өзгелердің жаңалығы