Елдегі конституциялық реформалар қоғамның сұраныстарын ескерді – министр

26 Тамыз 2020, 10:23
2274
Бөлісу:
Елдегі конституциялық реформалар қоғамның сұраныстарын ескерді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты. 

30 тамыз - біздің еліміз үшін айтулы мереке. Конституция - мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның өмір сүруі мен іс-қимылының негізін құрауда үстемдік ететін негізгі рөлге ие әмбебап құжат. Елде жасалған конституциялық реформалар қоғамның демократияландыру бойынша сұраныстарын ескерді. Парламент рөлінің күшеюі, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтті, - деді ол. 

Министр атап өткендей, Конституцияға қатысты реформа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалды. 

Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттік бөлінді. Адам құқығын қорғаудағы конституциялық құқығы күшейтілды. Конституциялық нормаға сүйенген дұрыс саясаттың нәтижесінде экономикалық, саяси және әлеуметтік ілгерілеуге қол жеткізілді, - деді ол. 

Айта кетейік, конференцияға отандық және шетелдік  сарапшылар қатысаты.

Өзгелердің жаңалығы