Елеусінов алдағы жекпе-жектеріне байланысты мәлімдеме жасады

1 Желтоқсан 2020, 13:35
1343
Бөлісу:
Елеусінов алдағы жекпе-жектеріне байланысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Кәсіпқой бокста орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) алдағы үлкен жекпе-жектер өткізуге дайын екенін айтты.

Ол намбиялық Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) өткен кездесуіне көңілі толатынын жеткізген. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлады. 

Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Мен оған осы дивизиондағы үздіктердің бірі екенімді айттым. Оны жеңу маған қиын емес екенін жеткіздім. Өйткені ол өз сұхбатында мені қиналмай ұтамын деген. Соған жауабым болды. Бірінші раундта оның джеб соққысын жіберу еді. Сол кезде күтіп алып, қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік туады. Жалпы жақсы кездесу өткіздім деп санаймын. Енді үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Біртіндеп алға қадам баса береміз. Бұл менің алғашқы титулдық жекпе-жегім.  Енді рейтингте жоғарылай түстім. Алдағы уақытта тағы кімдер барын қараймыз. Өзім дайын боламын, - дейді Елеусінов.

Айта кетейік, Елеусінов пен Индонго кездесуінде бос тұрған IBF Intercontinental белбеуі сарапқа салынды. Отандасымыз екінші раундта экс-чемпионды техникалық нокаутпен ұтты.

Өзгелердің жаңалығы