Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

19 Қыркүйек 2020, 22:09
1249
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 20 қыркүйек күні еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік, онтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Жезқазған қаласында найзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында соққан жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Күндіз өрт шығу қаупі өте жоғары болады.

Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстіктен батысқа ауысып,, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе қаласында жел бағыты оңтүстіктен батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей

жерлерінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші кей жерлерінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Орал қаласында түнде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан екпіні 18 м/с болатын жел соғады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Өзгелердің жаңалығы