Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

13 Шілде 2020, 22:34
1163
Бөлісу:
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты 14 шілде күні бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай жарқылдап, күндіз шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысында және Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Осы күні Орал қаласында оңтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 18 м/с.

Өзгелердің жаңалығы