Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі

16 Қыркүйек 2020, 23:55
1279
Бөлісу:
Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәулікте еліміздің барлық өңірінде ауа райы бұзылатыны жайлы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Шымкентте желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде секундына 28 метрге дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында найзағай жарқылдап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, күндіз секундына 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20, күндіз секундына 23 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, тұман түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде нөсер жауады.

Қызылорда облысында күндіз найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.

Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы