Бас жаңалықтар
Елімізде балалар суициді азаймай отыр – Аймағамбетов
31 Қаңтар 2020, 18:00 323

Елімізде балалар суициді азаймай отыр – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2018 жылы 180 бала өз өмірін қиған. Өткен жылы да бұл мәселенің көрсеткіші өзгеріссіз қалған. Яғни, еліміздің суицидпен күрес жұмысының нәтижесі көрінбей тұр. 

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Бұдан бөлек министр Шымкент қаласындағы Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеттің лицензиясынан айрылғанын айтып, университеттерде қажет емес лицензиялардың бар екенін мәлімдеді.

Күні кеше еліміздегі оқып жатқан студенттер саны бойынша ең үлкен университет болып саналатын университеттің бірін жаптық. Сот үкімі күшіне енді. Енді 30 мыңнан астам студентін басқа университеттерге ауыстыру бойынша жұмыс жасайтын боламыз... Біз кеше колледждермен де кездестік. 804 колледжде 427 мамандық бойынша оқытылмай жатқан, қажет емес лицензиялар бар. Осы лицензияларды да қайтару бойынша жұмыс жасау керек. Университеттерде 26 лицензия қажет емес. Олар бойынша 2-3 жыл бойы ешқандай сабақ жүргізіліп жатқан жоқ. Осылар және профильдеу бойынша да тиісті жұмысты жалғастырамыз. 2021 жылдан бастап барлық ЖОО өз дипломдарын беруде нарықтағы қажеттілікке жауап беретін болады деп ойлаймыз... Таңертеңнен бастап ғалымдарымызбен кездесіп, мәселелерді талқыладық. Жаңа бағдарламада ғылымға деген 1% мемлекеттің және мемлекеттік емес қаржыландыру бойынша мәселе қарастырылды. Ғылым саласында бірақ оң өзгерістер бар. Бұл бағытта да жұмысты жалғастырамыз, - деді министр.

Өкінішке қарай, елімізде балалар арасындағы суицид әлі де бар. Тіпті азаймаған.

Суицидпен күрес бойынша әр өңір өзінше күресіп келе жатыр. Біз унитарлық мемлекет болғандықтан бір бағдарламаны қабылдап, бір саясатты жүргізуіміз керек... 2019 жылы жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны 9,2% өскен. Жамбыл, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында 20-дан 40 пайызға дейін өскен. Кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтар саны 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10,1 пайызға төмендеді. Жалпы суицидтік мінез-құлқы бойынша 2019 жылы 180 бала өмірден өтті. 2018 жылы да осындай көрсеткіш болды. Яғни, бұл мәселеде оң өзгеріс болған жоқ. сондықтан балалардың құқығын қорғау, балаларға қауіпсіз ортаны қалыптастыру – біздің жұмысымыздың бағыты. Осы жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді министр Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...