Елімізде Тәуелсіздік күніне арналған ескерткіш аз - Дос Көшім

12 Желтоқсан 2019, 16:06
5714
Бөлісу:
Елімізде Тәуелсіздік күніне арналған ескерткіш аз - Дос Көшім

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алғаш Тәуелсіздік жарияланғанда төбеміз көкке жеткендей болды. Бұл жүрегі қазақ деп соғатын адамдардың барлығының арманы болды.

Бұл туралы Желтоқсан көтерілісі Қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жеңісбек Сабырайым “Желтоқсан-Тәуелсіздік тірегі" атты жиында айтты. 

Ол Желтоқсан оқиғасынан кейін қаладағы жағдай қиындап, әсіресе қазақ жастарына қысым көбейгенін айтты. 

Көптеген жастар сотталды, біз оларды ақтап алу жолында тер төктік. Ол тұста көшеде қазақ жастарын кім көрінген соғып кететін. Ол кезде қаладағы қазақтадың саны студенттерді қоспағанда 6,5% ғана еді. Совет үкіметі мұнда қазақ ұлтын жойып, кеңестік ел жасау туралы саясаты болды. Біз сонымен күрестік. Мені “Шаңырақ" ұйымына төраға етіп тағайындады, ол кезде 300 мың қазақты қала маңына қоныстандырдық,-дейді ол.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілі Айдар Есенбеков Тәуелсіздік пен Желтоқсан егіз ұғым екенін айтады.

Желтоқсан көтерілісінен бері қарай үкімет тарапынан желтоқсан оқиғасының маңызын ашу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Алатау ауданында Ләззат Асанова атында көше ашылды, Бостандық ауданында Ербол Сыпатаев пен Қайрат Рысқұлбековке көше атаулары берілді. Желтоқсандықтарға берілетін жәрдемақы биыл үш есеге өсті,-деді ол. 

Жиын барысында Тәуелсіздік күні жақындағанда желтоқсаншыларды еске алуды науқаншылыққа айналдырмай, басқа уақытта да еске алу, желтоқсаншылардың мәртебесін айқындау мәселелері сөз етілді. 

“Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшім Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіштер салынбай жатқанын сөз етті. 

Менің білетінім үшақ ескерткіш бар. Тәуелсіздік монументін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бастамасымен қойдырды. Осыдан үш жыл бұрын Аягөзде қойылды. Алғашында негізгі ескерткіш қойылғанда барлық облыстар іліп әкету керек еді, оған ешкім кедергі емес қой,-деді Д.Көшім.

Аталған шараны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Халықаралық “Жанашыр" қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы